Лондондық "Арсеналдың" жас жартылай қорғаушысы Макс Доуманға Гиннестің рекордтар кітабына енгенін растайтын бір емес, үш сертификат табысталды.
Доуман алғаш рет 2025 жылдың тамызында "Лидске" қарсы матчта алаңға шығып, 15 жас 235 күнінде Премьер-лигадағы дебютін өткізді. Соның арқасында турнир тарихындағы ең жас екінші ойыншы атанды.
2025 жылдың қарашасында Праганың "Славиясына" қарсы кездесуге қатысып, 15 жас 308 күнінде Чемпиондар лигасында ойнаған ең жас футболшы атанды. Осылайша, ол бұған дейін дортмундтық "Боруссия" ойыншысы Юссуфа Мукокоға тиесілі болған рекордты жаңартты.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың наурызында Доуман "Эвертонға" қарсы матчта гол соғып, тағы бір тарихи жетістікке жетті. Ол 16 жас 73 күнінде Премьер-лига тарихындағы ең жас гол авторы атанды.
Бұл рекорд 2005 жылдан бері "Эвертонның" бұрынғы ойыншысы Джеймс Вонға тиесілі еді.
2026 жылдың мамырында Макс Доуман тағы бір рекорд жаңартты. "Арсеналмен" бірге чемпион атанған футболшы 16 жас 139 күнінде Премьер-лиганы жеңген ең жас ойыншы болды. Осы көрсеткіш бойынша ол "Манчестер Ситидің" футболшысы Фил Фоденнің бұрынғы рекордын бұзды.
Оның рекордтары енді 2027 жылғы Guinness World Records басылымында ресми түрде көрсетіледі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.