France Football экс-редакторы "Алтын допқа" ықпал ету әрекетін әшкереледі

Автор
Мағжан Сұлтанұлы
Автор
08.10.26, 06:56
Футбол агенттерінің бірі өз клиентінің кандидатурасын алға жылжытуға тырысқан.
France Football экс-редакторы "Алтын допқа" ықпал ету әрекетін әшкереледі
Сурет: ашық дереккөздерден

France Football журналының бұрынғы бас редакторы және 2023 жылға дейін "Алтын доп" жүлдесін ұйымдастыруға жауапты болған Паскаль Ферре футбол агенттерінің бірі өз клиентінің кандидатурасын алға жылжыту үшін оған ықпал етуге тырысқанын айтты.

"Иә, бұл рас. Бір агент менімен кездескісі келді. Оның клиенті үміткерлердің арасында болатын. Ол алдымен футболшының жетістіктерін айтып, оның артықшылықтарына сендіруге тырысты. Кейін менен оның кандидатурасын қазылар алқасының мүшелеріне, өз сөзімен айтқанда, "сатуды" сұрады. Әрине, мен бас тарттым", – деді Ферре.

Ферренің сөзінше, агентпен кездесуден кейін үстелде жұмбақ конверт қалған. Ол телефон қоңырауына жауап беру үшін үстелден уақытша тұрып кеткен. Қайтып келгенде агент орнында болмаған, ал үстелде конверт жатқан.

"Мен оны алып, ресепшнге тапсырдым. Оның ішінде не болғанын білмеймін. Кейін бұл агентпен тағы бірнеше рет кездестім, бірақ ол конверт туралы ешқашан айтқан жоқ және ішінде не болғанын түсіндірмеді", – деді Ферренің сөзін Marca.

"Алтын доп-2026" қашан өтеді?

2026 жылғы "Алтын доп" марапаттау рәсімі 26 қазанда, дүйсенбі күні Лондонда өтеді деп жоспарланған.

Бұл шара "Алтын доп" тарихындағы 70-мерейтойлық рәсім болмақ.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.10.26, 06:56

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22