Инсайдер Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, шабуылшының командадан кетуіне клубтың қаржылық мәселелері мен еңбек міндеттемелерін орындамауы себеп болған.
Инсайдер "Жетісу" футболшыларының үш айдан астам уақыт бойы жалақы алмағанын жеткізді. Осы жағдайда Зиванович маусымның аяқталуын күтпей, Сербияға қайтқан.
Марко Зиванович биылғы Қазақстан премьер-лигасында 24 матч өткізіп, бес гол соқты. Оның үшеуі чемпионаттың соңғы бес турында тіркелген.
Шабуылшының кетуімен "Жетісу" маусымның шешуші кезеңінде нәтижелі ойыншыларының бірінен айырылып отыр. Талдықорғандық клуб 26 турдан кейін 22 ұпаймен 16-орында тұр. Команда чемпионаттың қалған матчтарын сербиялық шабуылшысыз өткізеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.