Қазақстандық шабуылшы Бельгия чемпионатында ойнамақ

Автор
Мағжан Сұлтанұлы
Автор
08.10.26, 04:46
17 жастағы шабуылшы Шахмұрат Дәулетов "Генкпен" алғашқы толыққанды кәсіби келісімшартын жасасты.
Қазақстандық шабуылшы Бельгия чемпионатында ойнамақ
Сурет: ашық дереккөздерден

77-нөмірмен өнер көрсетеді

ASnews.kz мәліметінше, қазақстандық футболшы "Генкте" 77-нөмірді таңдаған. Бұған дейін бұл нөмір марокколық қорғаушы Закария Эль-Уахдиге тиесілі болған.

23 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Африка ұлттар кубогының жеңімпазы Эль-Уахди – Дәулетовтің бұрынғы агенті Мохамед Ашахбардың ұлы. Ол соңғы трансферлік кезеңде Германияның "Гамбург" клубына 8 миллион еуроға ауысқан.

Клуб жоспарына сәйкес, Дәулетов командаға кезең-кезеңімен бейімделеді. Бұған дейін "Антальяспорда" ойнаған шабуылшының келесі кездесуі Бельгияның екінші дивизионында өтуі мүмкін. 11 қазанда "Йонг Генк" пен "Патро Эйсден" арасындағы матчта Шахмұраттың дебютін көріп қалуымыз ғажап емес. 

"Фортунаға" қарсы ойнап, "Аяксқа" гол соқты

Дәулетов "Генк" академиясына 2024 жылы қосылған. Өткен демалыс күндері "Сегека Аренада" алғаш рет алаңға шықты. "Фортунаға" қарсы жолдастық кездесудің 87-минутында ойынға қосылды. Бұл матчта "Генк" 1:2 есебімен жеңілді.

Сонымен қатар қазақстандық шабуылшы "Аякстың" U-19 командасына қарсы кездесуде гол соқты. Ойын 2:2 есебімен аяқталды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.10.26, 04:46

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22