«Біріншіден, бұл стадионда ойнау керемет болды. Сіздерде өте жақсы команда, білікті ойыншылар бар. Біз өте жақсы бірінші тайм өткіздік. Мүмкіндіктер бойынша біз жақынырақ болдық деп ойлаймын, алдымен бір доп, сосын екіншісін соқтық. Өткізіп алған гол жігіттерді сәл жасытып жіберді, оның үстіне мұндай тығыз кестеде біз бірінші рет ойнап жатырмыз. Ойыншылар мінез көрсетіп, соңына дейін күресті. Бірақ біз мұнда тек соғысуға келген жоқпыз – біз футбол ойнағымыз келді, мұны бірінші таймда байқаған шығарсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін. Құдай барлықтарыңызды сақтасын. Бұл – футбол: бүгін біз жеңдік, ертең сіздер жеңесіздер».
«Біз гол өткізіп алғанымызға көңіліміз толмады, өйткені оған дейін ойынды бақылауда ұстаған едік. Бізде жас команда, әлі қажетті толысу жоқ. Қазақстанның бар күшімен алға ұмтылатынын білдік, сондықтан допты бақылау арқылы бұл қарқынды басу керек еді. Қаншама жас футболшыларымыз бар екенін ескерсек, жақсы сәттер де болды: жігіттер бірінші таймда прессингтен сауатты шыға алды. Бірақ өткізіп алған голдан кейін психологиялық тұрақтылық балансы бұзылды».
«Біз жерді нық басып тұрмыз. Ешқандай эйфория туралы сөз қозғап отырған жоқпыз. Дұрыс процесс арқылы осы жас жігіттерді дамыту маңызды. Әр командада әрқашан мүмкіндік бар, дегенмен басты фаворит – Словакия екені түсінікті. Үйде сапалы ойын көрсетуге тырысамыз, бірақ қиын болады, өйткені бізді он бір күн ішіндегі төртінші матч күтіп тұр. Өз халқымызға отаны мен туы үшін күресетін команда сыйлау өте маңызды. Қазір топта бірінші орынға да, соңғы орынға да мүмкіндіктер бар екенін жақсы түсінеміз».
Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясындағы (С дивизионы, 3-топ) матч Қазақстан құрамасының өз алаңында 1:2 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Үзіліске сәл қалғанда қонақтардың қорғаушысы Ника Клещенко (45+1) есеп ашса, екінші таймның басында Петру Попеску (50) басымдықты еселеді. Алаң иелері бұған 64-минутта Нұралы Әліптің баспен соққан нәтижелі соққысымен ғана жауап қатты.
Осы нәтиженің арқасында Молдова құрамасы жеңіссіз өткен 17 матчтан тұратын антирекордтық сериясын үзе алды. Джон ван ’т Схип шәкірттері келесі матчын 6 қазанда өткізеді – команда «Астана Аренада» Фарер аралдары құрамасын қабылдайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.