Бұл туралы O Jogo басылымы хабарлады. Басылымның мәліметінше, 41 жастағы шабуылшы үшін Португалия құрамасындағы соңғы ойын Уэльске қарсы кездесу болған. Матч 24 қыркүйекте "Алваладе" стадионында өтті. Дереккөздің мәліметінше, футболшы енді ұлттық құрама сапына оралмайды. Ол Копенгагендегі Португалия құрамасының орналасқан қонақүйінен кетіп қалған.
Роналдудың шешіміне құраманың бас бапкері Жорже Жезуштің мәлімдемесі себеп болғаны айтылады. Жезуш бұған дейін Данияға қарсы алдағы матчта шабуылшының негізгі құрамда алаңға шықпайтынын айтқан.
Роналду Норвегияға қарсы өткен соңғы кездесуде де негізгі құрамда болмаған. Португалия бұл матчта 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Жезуш баспасөз мәслихатында өзі мен Роналду арасында жанжал жоқ екенін айтқан. Осыдан кейін футболшы стадионнан кетіп қалған. Роналду әлеуметтік желідегі жазбасында шешімінің себептерін кейінірек түсіндіретінін мәлімдеген.
"Ұлттық құрама бас бапкерінің баспасөз мәслихатынан кейін және Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлескен соң, мен ұлттық құраманың орналасқан жерінен кету туралы шешім қабылдадым. Уақыты келгенде ұлттық құрама сапынан кетуіме себеп болған жағдайларды барша португалиялықтарға айтып беремін. Мен әрдайым өзімді толық арнаған құрамадағы жолымды осылай аяқтау туралы шешім қабылдау оңай болған жоқ.
Енді Португалияға және барлық командаластарыма ешкімді бөліп-жармай, сәттілік тілейтін кез келді.",- деп Роналду өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырды.
41 жастағы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соққан.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.