Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше "Нефтчи" 26 жастағы орталық қорғаушыны толыққанды трансфер арқылы сатып алу жөнінде "Зенитке" ұсыныс жасаған.
Бірақ ұсынылған шарттар питерлік клубтың басшылығын қанағаттандырмаған. Сонымен қатар "Зенит" қазір қазақстандық футболшымен қоштасуға дайын емес екенін білдірген. Осылайша келіссөздер трансферге ұласпаған.
Нұралы Әліп "Зенит" сапында ойнауды жалғастырып жатыр. Оның клубпен келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін есептелген.
Ал қорғаушыға қызығушылық танытқан "Нефтчи" Әзербайжан чемпионатының жаңа маусымын сәтті бастаған. Бакулық команда алты матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр.
Әліп "Зенитпен" бірге тоғыз трофей иеленген:
Қазақстандық қорғаушы Ресей кубогының финалында жеңіс голын соғып, командасының жүлде алуына үлес қосқан.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.