Sports24.kz мәліметінше, 2026 жылдың басында клубпен қош айтысқан Сигневич командада ойнамағанына қарамастан, жалақы алып келген.
34 жастағы футболшымен келісімшарттың тоқтатылғанын клуб қаңтар айында ресми түрде жариялаған. Сол кезде Сигневичтің отбасылық жағдайына байланысты Беларуське қайтқаны айтылған болатын.
Sports24.kz «Тобыл» клубына арнайы сауал жолдап, Сигневичтің командадан кеткеннен кейін де қандай негізде төлем алып келгенін түсіндіруді сұраған.
Ал футболшының анасы Светлана Сигневич өткен жылдың 20 қарашасында «Зафутболье» YouTube арнасына берген сұхбатында ұлының «Тобылмен» келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды екенін айтқан болатын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.