Жақын матчтар
Түркиялық 25 жастағы футболшы қайтыс болды
Түркиялық футболшы Толга Календер 25 жасында қайтыс болды. Оның өмірден өткені туралы ақпаратты Түркия футбол федерациясы жариялады.
Жас спортшының өлім себебі әзірге ресми түрде айтылған жоқ. Белгілі болғаны, Календер қайтыс болардан аз уақыт бұрын ауруханаға түскен. Алайда оның денсаулық жағдайы мен қайтыс болуына қатысты өзге мәліметтер жарияланбады.
Календер негізінен қорғаушы позициясында ойнады. Ол қорғаныстың орталығында да, қапталында да өнер көрсете алған.
Футболшы кәсіби мансабында «Истанбул Башакшехир», «Адана Демирспор», «Байрампаша» және «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады. Оның соңғы командасы «Бандырмаспор» болды. Календер бұл клубта 2024–2025 жылдардағы маусымда Түркия чемпионатының екінші дивизионында ойнады.
Қорғаушы кәсіби деңгейде барлығы 131 матч өткізіп, төрт гол соққан.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ