Беллингемнің ағасы інісі Джобты 21 жасқа толуымен көпшілік алдында құттықтады. «Ақтардың» жұлдызды жартылай қорғаушысы Дортмундтың «Боруссиясында» өнер көрсететін бауырына жылы лебізін білдіріп, оған сәттілік пен жеңістер тіледі.
Айта кетейік, Джоб Беллингем 25 қыркүйекте Қазақстан құрдастарына қарсы ойнайтын Англияның U-21 құрамасында өнер көрсетеді. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.
Сондай-ақ іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда үш матч өткізеді: 25 қыркүйекте Англиямен, 29 қыркүйекте Ирландиямен, ал 6 қазанда Молдовамен кездеседі. Қазақстанның U-21 құрамының тізімі осында қолжетімді.
Жеті ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде төрт ұпай бар және команда турнир кестесінде соңғы орында тұр. Владимир Чебуриннің командасы Еуропа чемпионатына шығудың математикалық мүмкіндігінен де айырылды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.