Испаниялық «Морало» 19 жастағы камерундық Алекс Петангпен келісімшартқа отырғаннан кейін қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Испанияның бесінші дивизионының клубы «Эркулес» шабуылшысы Алекс Петангты жалға алды. Алайда африкалық жаңа ойыншыны таныстырғаннан кейін әлеуметтік желілерде қызу талқылау басталды – жанкүйерлер оның жасын растайтын құжаттардың шынайылығына күдікпен қарауда:
«Оны көрдіңіздер ме? Бұл ірі денелі, тақырбас ер адам ғой. Оның жасы 19-да болуы мүмкін емес», – деді клубқа жақын дереккөздердің бірі. Жоғары тұрған органның бұл мәліметтерді тексеретіні не тексермейтіні әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, «Морало» сапында 18 жастағы қазақстандық қорғаушы Айдар Нығмет өнер көрсетеді. Осы жазда «Астана» түлегі маусымалдық Torneo Norte de Extremadura турнирінде жеңіске жеткен болатын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.