ФИФА-ның футбол трибуналы мен Швейцариядағы спорттық арбитраж соты (CAS) ойыншының клубпен келісімшартты дәлелді себеппен үзгенін мойындап, қазақстандық тарапты оған өтемақы төлеуге міндеттеді.
Тараптар арасындағы сот ісі өткен жылдан бері жалғасып келе жатқан. Макаренко клуб тарапынан келісімшарт шарттарының бұзылуына байланысты 2025 жылдың сәуір айында «Ордабасыдан» кеткен болатын. Бұған дейін украиналық БАҚ-қа берген сұхбатында футболшы шымкенттіктердің оған үш айдан астам уақыт бойы жалақы қарыз екенін мәлімдеген.
Ойыншының айтуынша, іс ашық бойкотқа дейін барған: клуб оған жаттығуға қатысуға тыйым салып, соңғы сәтке дейін маусымдық өтінімге енгізуден бас тартқан және оған қарсы «ақылға сыймайтын уәждер» айтқан. Сол кезде украиналық ойыншы шымкенттік команданың қыруар жалақы алатын легионері саналғаны айтылған еді.
Қазіргі таңда 35 жастағы Евгений Макаренко петропавлдық «Қызылжар» сапында өнер көрсетеді, ол бұл клубқа 2026 жылдың қаңтар айында еркін агент мәртебесінде ауысып келген. Биылғы маусымда тәжірибелі жартылай қорғаушы теріскейліктердің капитандық таңғышын тағып жүр. Ол команда сапында барлық турнирлерде 22 матч өткізіп, бір гол соқты.
Қазақстанға келгенге дейін Макаренко киевтік «Динамо» (екі дүркін чемпион және ел кубогының екі дүркін иегері), бельгиялық «Кортрейк» пен «Андерлехт», сондай-ақ мажарстандық «Фехервар» клубтарында ойнаған. 2023 жылы ол «Ордабасымен» бірге Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) чемпионы атанды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.