21 жастағы футболшыға Түркияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Кайсериспор» клубы нақты қызығушылық танытып отыр. Үміткерлер қатарында воронеждік «Факел» де бар, алайда түркиялық клуб барынша белсенді әрекет етуде.
Ойыншының құқығы елордалық «Астанаға» тиесілі, клубпен келісімшарт осы жылдың соңында аяқталады. Жақсылық шілде айынан бастап «Қайсар» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетіп, тоғыз матчта үш гол соқты. Футболшының қазіргі нарықтық құны 200 мың еуроға бағаланады.
Айта кетейік, қаңтар айының соңында вингер грузиялық «Колхети-1913» клубында қаралымда болған, алайда жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты келісімшартқа отырмады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.