"Барселона" жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен қоштасу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
De Telegraaf мәліметінше, "Барселона" президенті Жоан Лапорта мен спорт директоры Деку 29 жастағы футболшыға жаңа клуб іздеуге кіріскен. Каталониялықтар де Йонгқа Англия Премьер-лигасы немесе Сауд Арабиясы клубтары қызығушылық танытады деп үміттенеді.
Ақпарат бойынша, клуб де Йонгтың трансфері үшін 50 миллион еуро тұрақты төлем және тағы 15 миллион еуро бонус алуды көздейді. Осылайша, келісімнің жалпы құны 65 миллион еуроға дейін баруы мүмкін.
Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы қазіргі уақытта жарақатынан айығып жатыр. "Барселона" 23 шілдеде де Йонгтың оң тізесінің медиалдық коллатералды байламын жарақаттағанын ресми хабарлады. Футболшы консервативті ем қабылдап, клуб дәрігерлерінің бақылауымен оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр.
Айта кетейік, Френки де Йонг каталониялық клубқа 2019 жылы Амстердамның "Аяксынан" ауысты. Ол осы уақыт ішінде "Барселона" сапында 290-нан астам матч өткізіп, команданың негізгі жартылай қорғаушыларының біріне айналды. 2026 жылдың сәуірінде де Йонг клуб тарихында ең көп матч өткізген нидерландтық футболшы атанды.
Де Йонг сонымен қатар команданың капитандар тобына кірді. Тамызда "Барселона" оның жарақатына байланысты капитандық міндеттерді уақытша Рафинья, Педри және Эрик Гарсия атқарып жүргенін хабарлаған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.