Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

16 жастағы Тимур Казанцев «Шахтердің» негізгі құрамында дебют жасап, клуб тарихына енді

Қарағандылық «Шахтердің» түлегі Тимур Казанцев бірінші лиганың 21-туры аясында «Хан-Тәңіріне» қарсы негізгі команда сапында өзінің алғашқы ресми матчын өткізді. Ол клуб тарихында кәсіби деңгейде ойнаған 2010 жылы туған алғашқы футболшы атанды.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
16 жастағы Тимур Казанцев «Шахтердің» негізгі құрамында дебют жасап, клуб тарихына енді
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойыншының дебюті 3 қыркүйекте – оның 16 жасқа толған туған күнінен кейінгі күні өтті. Казанцев 82-минутта алмасып алаңға шығып, бірден кездесу барысына ықпал етті. Бір минуттан кейін ол қарсыласын ереже бұзуға мәжбүрледі: «Хан-Тәңірі» ойыншысы Шәріпхан Шәріпжан екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Матчтың қалған уақытын қарағандылықтар сандық басымдықта өткізді, ал дебютанттың өзі бірнеше рет қарсыластарын сәтті алдап өтіп үлгерді.

Оның негізгі құрамға тартылуына жасөспірімдер біріншілігіндегі нәтижелілігі себеп болды. Ағымдағы маусымда ол 17 турдан кейін өз жас санатында Freedom QJ League турнирлік кестесін бастап тұрған «Шахтер» U-17 командасы көшбасшыларының бірі. 16 жастағы футболшының еншісінде 17 матчта соғылған сегіз голы мен бес нәтижелі пасы бар.

Жасөспірімдер лигасы аясында ойыншы бұған дейін «Қайратқа» қарсы матчтың соңында пенальтиді сәтті орындаған, сондай-ақ «Ақтөбемен» өткен ойында жеке шеберлігімен көзге түскен болатын. Соңғы доп Freedom QJ League U-17 жарысындағы мамыр айының үздік голы деп ресми түрде танылды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz