Дастан Сәтпаевтың алаңға оралу мерзімі белгілі болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
10.09.26, 06:42
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына алдағы ұлттық құрамалар матчтарына байланысты үзілістен кейін оралуы мүмкін.
Дастан Сәтпаевтың алаңға оралу мерзімі белгілі болды
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Turfcast мәліметінше, «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен Сәтпаевтың, сондай-ақ Джош Каллен мен Джейдон Банелдің халықаралық үзілістен кейін қайтадан командаға қосылуы мүмкін екенін айтқан.

 

Клубтық футболдағы үзіліс 5 қазанда басталып, 14 қазанға дейін жалғасады. «Бернли» Чемпионшиптегі келесі матчын 16 қазанда өз алаңында «Вулверхэмптон Уондерерске» қарсы өткізеді. Демек, Сәтпаев дәл осы кездесуге өтінімге қайта оралуы мүмкін.

 

Қазақстандық футболшы 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы 1:1 есебімен аяқталған матчта жарақат алды. Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, Англияға ауысқаннан кейінгі ең сәтті ойындарының бірін өткізді. Алайда кездесудің соңына қарай санның артқы бөлігінен жайсыздық сезініп, ауыстырылды.

Осыдан кейін шабуылшы біраз уақытқа қатардан шықты. Бұған дейін «Бернли» оның қалпына келуіне бірнеше апта қажет болатынын хабарлаған.

Сәтпаевтың оңалту процесі футболшының құқығына иелік ететін «Челсимен» де талқыланып жатыр. Бұған дейін Дастанның Лондон клубының Кобхэмдегі базасына оралуы мүмкін екені айтылған еді. Алайда бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ. «Бернли» ойыншының жағдайын бақылап, «Челсимен» бірге оңалтудың ең тиімді нұсқасын анықтап жатыр.

Сәтпаев «Бернли» сапында төрт матч өткізді

Жарақат алғанға дейін Сәтпаев «Бернли» сапында төрт матч өткізіп, біртіндеп көбірек ойын уақытын ала бастаған. Енді ағылшын клубы қазақстандық шабуылшыны халықаралық үзілістен кейін қайта қатарға қосуды жоспарлап отыр.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

10.09.26, 06:42

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20