Marca басылымының мәліметінше, Месси Испанияның екінші деңгейлі дивизионында өнер көрсететін Эльда қаласының «Эльденсе» клубын сатып алу туралы мәмілені келісіп қойған. Бұл оның 2026 жылы Испания клубына жасаған екінші инвестициясы болмақ. Бұған дейін сәуір айында ол бесінші дивизионда ойнайтын «УЕ Корнелья» командасының 100% акциясын сатып алған еді.
Бұл қадам Мессидің Испаниядағы футбол клубтарына иелік ету бағытындағы белсенділігін күшейте түседі. Оның ойыншылық мансабының аяқталуына да көп уақыт қалған жоқ. «Интер Майамимен» келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды 39 жастағы футболшы активтер портфелін біртіндеп қалыптастырып келеді. Оның қатарында уругвайлық «Депортиво ЛСМ» клубындағы үлесі де бар. Үшінші дивизионда өнер көрсететін бұл командадағы үлесіне ол досы Луис Суареспен бірге иелік етеді.
Айта кетейік, Мессидің сатып алған алғашқы клубы — «УЕ Корнелья» өз академиясымен танымал. Бұл академиядан «Арсенал» қақпашысы Давид Райя мен «Барселона» қорғаушысы Жорди Альба түлеп ұшқан.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.