«Конференция лигасы емес, чемпионат маңыздырақ»: Оксанен «Қайраттың» көш бастауы туралы айтты

Автор
Fonteam редактор
Автор
10.09.26, 04:38
Алматылықтар кешегі жеңістен кейін бірінші орынға көтерілген болатын.
«Конференция лигасы емес, чемпионат маңыздырақ»: Оксанен «Қайраттың» көш бастауы туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден

Алматылық «Қайраттың» финляндилық жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Жеңісті» (3:0) тізе бүктірген ойынды бағалап, команданың ҚПЛ жарыс кестесінде бірінші орынға қайта оралуы туралы айтты.

«Қазір команда жақсы жағдайда, біз қатарынан бірнеше жеңіске жеттік, жігіттердің барлығы тамаша өнер көрсетіп жатыр. Біз үшін ең маңыздысы – осы чемпионат. Егер титул жеңіп алсаң, келесі жылы еурокубоктарға жолдама аласың. Ұлттық біріншілік әрдайым басты орында.

Конференция лигасына келетін болсақ, жеребе қорытындысына көңіліміз толады. Кейбір матчтар ауыр өтеді, бірақ басқаларында нәтижеге қол жеткізуге шамамыз жетеді. Қазір ойындар бірінен соң бірі өтіп жатыр, көп ойлануға уақыт жоқ. Біз үш күн демалып, содан кейін «Тобылға», ал одан соң «Астанаға» қарсы матчқа дайындықты бастаймыз. Осыдан кейін үлкен халықаралық үзіліс болады. Біз қатарынан өте көп матч өткізгендіктен, бұл демалыс бізге пайдалы болмақ. Ал одан әрі бізді маусымның шешуші мәресі күтіп тұр», – деп атап өтті Оксанен.

Еске сала кетейік, 21-турдың кейінге қалдырылған матчында алматылықтар астаналықтардан айқын басымдықпен ұтты. Ойындағы есепті 20-минутта Лев Кургиннің әуелетіп берген пасын сәтті аяқтаған бразилиялық Эдмилсон ашты. Екінші таймда алаң ортасынан қашып шыққан испаниялық Марк Гуаль есепті еселесе, 86-минутта португалиялық Луиш Мата Азамат Тұяқбаевтың пасынан кейін соңғы нүктені қойды – 3:0.

Осы жеңістің арқасында алматылықтар чемпионаттың аяқталуына алты тур қалғанда шымкенттік «Ордабасыны» екі ұпайға артта қалдырып, чемпиондық жарыста көш бастады. Сонымен қатар «Қайраттың» күнтізбе бойынша айтарлықтай басымдығы бар: олар қалған алты кездесудің төртеуін өз алаңында өткізеді, ал басты бәсекелестері тек екеуінде ғана үйде ойнайды.

13 қыркүйекте «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

10.09.26, 04:38

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20