Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Сербияда өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды. Жарыс 13-19 қыркүйек аралығында Стара-Пазова қаласында өтеді.
Турнирге Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің U-15 құрамалары қатысады.
Ануар Жағыппар жаттықтыратын Қазақстан U-15 құрамасы алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді.
16 қыркүйекте қазақстандық жасөспірімдер жарыс қожайыны Сербиямен кездеседі.
Ал 19 қыркүйекте Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы ойынын Ресейге қарсы өткізеді.
Қақпашылар: Кирилл Писарев ("Оқжетпес"), Даниил Маракшин ("Қайрат"), Артур Аникеев ("Родина", Ресей).
Қорғаушылар: Аслан Абдуғани, Нұрали Сағындық, Заңғар Әлпісбаев, Нұрасыл Айдос (барлығы — "Атлетико Қазақстан" академиясы), Мадияр Надир, Максим Тян (екеуі де — "Қайрат"), Емел Ибрагим ("Ордабасы"), Тимофей Афельченко ("Ертіс"), Ұлан Қорғанбай ("Жас Қыран").
Жартылай қорғаушылар: Мирон Ищенко, Расул Самаев, Ислам Алшынбаев, Арман Батырхан, Абрахим Амангалиев (барлығы — "Атлетико Қазақстан" академиясы), Диас Әбубәкір, Артем Тян (екеуі де — "Қайрат"), Ғабидулла Оразалы ("Валенсия", Испания), Әлижан Әміртаев ("Тобыл"), Мерали Әлібекұлы ("Ордабасы"), Арнұр Батырай ("Шахтер").
Шабуылшылар: Ахмет Туран Жошкун ("Атлетико Қазақстан" академиясы), Милан Надрышин ("Ақтөбе"), Абылай Тұрсын ("Қайрат").
Қазақстан U-15 құрамасының аға бапкері — Ануар Жағыппар.
Оның көмекшісі — Юрий Мархель. Дене дайындығына Жеңіс Арыстан, қақпашылар дайындығына Алексей Булучевский жауап береді.
Медициналық штаб құрамында Еркебұлан Нұралиев пен Нұрбол Абатаев бар. Команда менеджері — Абылайхан Құрбанәлі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.