Португалиялық маманның сөзінше, жаңа ойыншының бірнеше позицияда өнер көрсете алуы маусым басында мадридтіктерге үлкен көмек болуы мүмкін.
«Реал» ресми матчтарға кадрлық қиындықтармен жақындап келеді. Бірқатар футболшы жарақат алғандықтан, қазір бапкерлер штабының қарамағында шамамен 20 ойыншы бар. Осындай жағдайда алаңның бірнеше бөлігінде бірдей ойнай алатын футболшылардың маңызы арта түседі.
«Бернарду үш позицияда еркін ойнай алады, қажет болса төртінші позицияны да жабуға қауқарлы. Мұндай әмбебап футболшы кез келген бапкер үшін өте маңызды. Қазір жарақаттарға байланысты таңдауымыз шектеулі, сондықтан бізге Бернарду секілді бірнеше міндетті атқара алатын ойыншылар қажет», - деді Моуринью.
Португалиялық маман команданың кезекті бақылау кездесуіндегі ойынына да көңілі толғанын аңғартты. «Реал» «Ференцварошты» 2:1 есебімен жеңіп, жаңа маусым алдындағы дайындығын жалғастырды.
Моуринью Винисиус Жуниордың болашағына да тоқталды. Бразилиялық шабуылшы Мадридте қалуды шешіп, клубпен келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартты. Бұған дейін шетелдік БАҚ футболшыны «Арсеналмен» байланыстырып, лондондық клуб ол үшін шамамен 150 миллион еуро төлеуге дайын екенін жазған еді.
«Ең бастысы - Винисиус бізбен бірге қалады. Келісімшарттың ұзартылуы оның өзі үшін де, бүкіл команда үшін де жақсы жаңалық. Оның «Реалда» қалғанына қуаныштымыз», - деді Моуринью.
Маусым алдындағы дайындық барысында мадридтік клуб үш жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. «Реал» «Леганесті» 4:1, «Ференцварошты» 2:1 есебімен жеңсе, «Фиорентинамен» болған матч 2:2 есебімен тең аяқталды.
Моуринью шәкірттері келесі жолдастық кездесуін 12 тамызда «Депортивоға» қарсы өткізеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.