«Барселона» Италиядағы жолдастық турнирде жүлдесіз қалды

Автор
Fonteam редактор
Автор
09.08.26, 11:00
«Барселона» Италияның Удине қаласында өткен Friuli Venezia Giulia Cup халықаралық жолдастық турнирінде жеңімпаз атана алмады. Үш команда қатысқан жарыстың бас жүлдесін алаң иесі «Удинезе» иеленді.
«Барселона» Италиядағы жолдастық турнирде жүлдесіз қалды
Сурет: ашық дереккөздерден

Турнир өзгеше форматта ұйымдастырылды. «Барселона», «Удинезе» және «Ноттингем Форест» бір-бірімен 45 минуттан бір-бір матч өткізді. Сондықтан әр кездесудегі жалғыз голдың өзі турнир тағдырын шешуге жеткілікті болды.

Алғашқы ойында «Удинезе» мен «Ноттингем Форест» кездесті. Италиялық клуб Умар Соленің голының арқасында ағылшын командасын минималды есеппен жеңді.

Friuli Venezia Giulia Cup

«Удинезе» - «Ноттингем Форест» - 1:0

Гол: Соле.

Келесі кездесуде «Барселона» «Ноттингем Форестке» қарсы алаңға шықты. Каталониялықтар қарсыласына гол соғуға мүмкіндік бермей, өздері бір мәрте нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Рафинья пенальтиді дәл орындап, командасына жеңіс әкелді.

«Барселона» - «Ноттингем Форест» - 1:0

Гол: Рафинья (пенальтиден).

Осы нәтижелерден кейін турнир жеңімпазы «Удинезе» мен «Барселона» арасындағы соңғы кездесуде анықталды. Матчтың басым бөлігінде есеп ашылған жоқ. Алайда 45-минутта Вакун Байо шешуші голды соғып, италиялық клубқа жеңіс пен турнирдің бас жүлдесін сыйлады.

«Удинезе» - «Барселона» - 1:0

Гол: Байо, 45.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

09.08.26, 11:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
46
2
Қайрат
45
3
Астана
35
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
31
6
Елімай
28
7
Ұлытау
27
8
Жеңіс
23
9
Қызылжар
22
10
Тобыл
22
11
Каспий Ақтау
21
12
Қайсар
20
13
Атырау
19
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
16