Қазақстандық маман клуб басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтып, жаңа қызметтегі басты міндетіне тоқталды.
«Атырау» клубының барлық жанкүйерлеріне сәлем жолдаймын. «Атырау» футбол клубына, оның үлкен отбасына және жанкүйерлеріне қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл - өзіндік дәстүрі мен тарихы бар, командасын үнемі қолдайтын жанкүйерлері бар клуб. Клуб басшылығының сенімін ақтап, алдымызға қойылған міндетті орындауға тырысамыз», - деді Смақов.
«Атырау» Смақовтың тағайындалғанын 8 тамызда ресми түрде жариялады. Ол бас бапкер қызметінде Владимир Чебуринді алмастырды. Чебуриннің жетекшілігімен команда Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында 19 матч өткізіп, 19 ұпай жинады. Қазір атыраулықтар турнир кестесінде 13-орында тұр.
Смақовтың бұған дейінгі жұмыс орны - Бірінші лигада өнер көрсететін Түркістанның «Тұран» клубы. Ол команданың бапкерлер штабында қызмет атқарып, тамыз айының басында клубтан кеткен еді. Енді қазақстандық маман мансабын «Атыраудың» бас бапкері ретінде жалғастырады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.