Әлемдік деңгейдегі футболшыны қарсы алу үшін мыңдаған жанкүйер әуежайға жиналды. 34 жастағы футболшы алдымен Стамбұлға ұшып келіп, медициналық тексерістен өтті. Кейін Трабзон қаласына аттанған Салахты әуежайдан шамамен 25 мың жанкүйер қарсы алды.
Мохамед Салах жанкүйерлердің ыстық ықыласына тәнті болғанын жасырмады.
“Осындай керемет атмосферада болғаныма өте қуаныштымын. Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Мұнда 25 мың адам жиналған, бұл керемет! Мен қай командада ойнасам да жетістікке жеттім. Енді “Трабзонспормен” бірге табысқа қол жеткізгім келеді”, – деді мысырлық футболшы.
Бүгін, 6 тамызда Трабзондағы Papara Park стадионында Салахтың келісімшартқа қол қою рәсімі өтеді. Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, тараптар футболшының жылдық жалақысы шамамен 17 миллион еуроны құрайтын екі жылдық келісімшартқа қол қоюы мүмкін.
Салах 2025/26 жылғы маусым аяқталған соң тоғыз жыл өнер көрсеткен “Ливерпульмен” қоштасқан еді. Осы уақыт ішінде ол ағылшын клубы сапында 442 матчқа қатысып, 257 гол соғып, 120 нәтижелі пас берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.