«Біз чемпиондық титул үшін анық «Қайратпен» таласамыз – екі команда турнирлік кестенің басында оқшауланып шықтық. Егер 1 қыркүйекке дейін осы ырғақты сақтап қалсақ, істі соңына дейін жеткізе аламыз ба, жоқ па – 70–80 пайызға белгілі болады», – деді Антич сербиялық Mozzart Sport басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Ордабасы» 26 шілде күні Алматыда өзара матч өткізеді.
Бұл кездесу алдында шымкенттіктер 18 матчтан кейін 43 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал бір ойын артық өткізген «Қайрат» 42 ұпаймен екінші орында келеді. Жеңіс алматылықтарға бірінші орынға қайта оралуға мүмкіндік берсе, шымкенттіктерге көшбасшылығын нығайтып, қуғыншысынан ұзай түсуге жол ашады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.