– Важа Эдуардұлы, Атанасовтың трансферіне қатысыңыз бар екені шын ба?
– Неге, біреу Яниді тапқан әрі бапкерді оны алуға көндірген мен емес деп жатыр ма (күледі)? Енді оның маңызы жоқ – ең бастысы, ол командаға көмектесіп жатқан шынымен де жақсы футболшы.
Өзіме медаль тағып, жанкүйерлердің дегбірін қашырғым келмейді. Мен үшін ең маңыздысы – «Ақтөбенің» жеңіске жетуі, ал Атанасовтың өз ойынымен қуантуы.
Еске сала кетейік, Солтүстік Македония құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Яни Атанасов «Ақтөбе» сапына маусым айында ауысты.
Клубқа жаңадан қосылған ойыншы алты матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Бұған дейін ол «ақ-қызылдардың» тағы бір футболшысы Георгий Жуковпен бірге польшалық «Пуща» сапында өнер көрсеткен.
Важа Тархнишвили мамыр айында клубтың спорттық директоры лауазымына тағайындалған еді, бірақ белгісіз себептерге байланысты арада 20 күн өткен соң бұл қызметтен кетті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.