Кездесуді қарқынды бастаған алаң иелері бесінші минутта Яни Атанасовтың дәл соққысынан кейін есеп ашты. Бірінші таймның ортасында Темірлан Ерланов баспен соққан голының арқасында есеп айырмасын екі допқа жеткізді. Алайда үзіліске қосылған уақытта Шахбоз Умаров қонақтардың бір голын қайтарып, матчтағы тартысты қайта жандандырды.
Екінші таймда «Ақтөбе» ойын тізгінін өз қолында ұстап, үшінші голға жақын болды. Еркебұлан Сейдахметтің соққысы көлденең тірекке тиіп қайтты. Ал 77-минутта Кузьмичев алаңнан қуылып, «Оқжетпес» матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізді. Соған қарамастан есеп өзгерген жоқ - 2:1.
ҚПЛ, 19-тур
«Ақтөбе» – «Оқжетпес» – 2:1 (2:1)
Голдар: Атанасов, 5 (1:0), Ерланов, 22 (2:0), Умаров, 45+1 (2:1).
Қызыл қағаз: Кузьмичев, 77 («Оқжетпес»).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.