«Чемпиондар лигасында оңай матчтар болмайды. Алғашқы 90 минут артта қалды, енді қуануға сәл ғана уақытымыз бар. Өз алаңымызда жеңіске жеттік, бұл өте маңызды. Ертең қалпымызға келіп, «Сутьескаға» қарсы өтетін қарымта ойынға дайындықты бірден бастаймыз.
Иә, олар есепті теңестіргеннен кейін де біз гол соғатынымызға сендік. Біз әр матчқа тек жеңіс үшін шығамыз және барымызды салуымыз керек. Өзімізге деген сенімділікті жоғалтқан жоқпыз, соның арқасында жеңісті жұлып алдық. Черногорияда да бізді осындай ауыр әрі қиын кездесу күтіп тұр», – деді қорғаушы.
Сондай-ақ, бразилиялық футболшы қазақстандық жас шабуылшы Исмаил Бекболаттың ойынына ерекше тоқталып өтті:
«Бекболатқа келетін болсақ – ол өте жас жігіт, бірақ бойында жоғары шеберлік пен үлкен әлеует бар. Оған күн сайын көп жұмыс істеп, іздену және шеберлігін шыңдау қажет. Оның әлеуеті шынымен де өте жоғары», – деді бразилиялық ойыншы.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, «сары-қаралардың» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Алаң иелері сапынан испаниялық шабуылшы Марк Гуаль мен Лукас Африконың өзі мергендік танытты.
Алматылықтардың 18 жастағы шабуылшысы Исмаил Бекболат керемет ойын көрсетіп, өз еншісіне екі нәтижелі пас жазды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.