«Бавария» клубының шабуылшысы Николас Джексон жалға алу келісімі аяқталғаннан кейін жазда Англияның «Челси» командасына қайта оралады. Бұл туралы журналист Флориан Плеттенберг Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
Мадридтік «Реал» мен Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Бавария» (Мюнхен) мен «ПСЖ» арасындағы алдағы жартылай финалдық текетірес туралы пікірін білдірді.
Мюнхендік «Бавария» клубының вингері Луис Диас бір маусымда Бундеслига аясында кемінде 13 гол және 13 нәтижелі пас берген (ассист) клуб тарихындағы 2004/2005 маусымынан бері алғашқы ойыншы атанды (статистикалық деректер жинала бастаған кезден бастап).