Отандық төрешілер бригадасы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы молдовалық «Петрокуб» пен албаниялық «Эгнатия» арасындағы матчқа қызмет етеді. Кездесу 8 шілде күні Кишиневте өтеді.
Ойынның бас төрешісі болып Саят Қарабаев бекітілді. Оған сызық бойында ассистенттер Дмитрий Белоградов пен Юрий Тихонюк көмектеседі, ал резервтік төреші міндеті Данил Гордаға жүктелді. Матчтың басты тарихи оқиғасы – Айдын Тасыбаевтың тағайындалуы болды. Ол УЕФА тарапынан Чемпиондар лигасының матчына бейнеарбитр (VAR) ретінде бекітілген алғашқы қазақстандық рефери атанды.
ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру да УЕФА-дан шақырту алды. Ол Уэльсте өтетін U-19 жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында төрешілер нұсқаушыларының тізіміне енді.
Еске сала кетейік, 3 шілдеде қазақстандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы U-19 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі өзінің екінші матчында төрелік етті. Ол Польша және Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесуде бас төреші болды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.