Павлодарлықтардың басшылығы қақпашылар шебін күшейтуді көздеп отыр. Бұған «Ертіс» сапында жалдау шартымен өнер көрсеткен ресейлік қақпашы Виталий Ботнарьдың мерзімінен бұрын «СКА-Хабаровск» клубына қайтарылуы себеп болған. Айта кетейік, ҚПЛ-дың соңғы үш матчында «ақ-көкшілдердің» қақпасын 21 жастағы Мирас Рихард қорғады.
Тәжірибелі ойыншыны шақыруға «Ертістің» жаңа бас бапкері Марат Еслямов басты бастамашы болып отыр. Бұған дейін «Ұлытаудың» бапкерлер штабында қызмет еткен маман жезқазғандық клуб қақпашысының мүмкіндіктерімен жақсы таныс және онымен келісімшарт жасасу нұсқасын қарастыруда.
ҚПЛ-дың осы маусымында Дмитрий Непогодов «Ұлытау» сапында 16 матч өткізіп, 15 доп жіберді және 5 ойында қақпасын құрғақ сақтады.
38 жастағы қақпашының еншісінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізілген 13 матч бар. Бұған дейін Непогодов қостанайлық «Тобыл», елордалық «Астана» және шымкенттік «Ордабасы» клубтарының да намысын қорғаған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.