Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қазақстанда сегіз жаңа футбол стадионының жобасы келісілді

ҚФФ-ның кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Ержан Мұсабеков Қазақстанда салынып жатқан және жоспарланған футбол стадиондарына қатысты нақты мәлімет айтты. Бұл туралы ол "Бірінші бол" YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Fonteam редактор
Автор ·
3 минут оқу
Қазақстанда сегіз жаңа футбол стадионының жобасы келісілді
Сурет: ашық дереккөздерден

Стадион жобалары алдымен ҚФФ-мен келісілуі керек

Ержан Мұсабековтің сөзінше, Қазақстан Республикасының спорт туралы заңында спорт нысандарын салуға қатысты арнайы талап бар. Соған сәйкес, жаңа спорт объектісінің техникалық сараптамасы тиісті ұлттық қауымдастықпен келісілгеннен кейін ғана келесі кезеңге өтеді.

Мысалы, бассейн салынса, жоба жүзу федерациясымен, күрес залы салынса, күрес федерациясымен келісілуі тиіс. Ал футбол стадионының жобасы алдымен Қазақстан футбол федерациясында қаралады.

"Футбол стадионы болса, алдымен ҚФФ-мен келісесің, содан кейін ғана сараптамаға барасың. Мен осы заңды тауып, әкімдіктерге хат жолдадым. Онда 8-бап, 8.2-тармақ бар екенін көрсеттім. Бұған дейін мұны ешкім білмеген және талап орындалмаған", — деді Ержан Мұсабеков.

Федерацияға сегіз стадион бойынша өтініш түскен

ҚФФ өкілінің айтуынша, әкімдіктерге жолданған хаттан кейін федерацияға стадион жобаларын келісу туралы өтініштер келе бастаған.

Мұндай хаттар Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларындағы стадиондарға қатысты түскен. Жалпы алғанда, федерацияға сегіз стадион бойынша өтініш жолданған.

"Қазір бізге стадион жобасын келісуді сұрап хаттар келе бастады. УЕФА-ның төртінші санатына сай келетіндей келісу туралы өтініштер бар. Жалпы сегіз стадион бойынша хат түсті", — деді ол.

Сұхбат барысында Мұсабеков бұл өтініштердің сегіз өңірден түскенін растады. Яғни алдағы жылдары Қазақстанда бірнеше қалада жаңа футбол ареналары бой көтеруі мүмкін.

Қазіргі таңда Қазақстанда УЕФА-ның ең жоғары төртінші санатына сәйкес келетін үш стадион бар.

Олар:

  • "Астана Арена" — 30 254 орын;
  • Алматыдағы Орталық стадион — 23 804 орын;
  • Қостанайдағы Орталық стадион — 9 700 орын.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz