Мадридтік клуб пен 30 жастағы оң қаптал қорғаушысы арасындағы еңбек келісімі төрт жылға – 2030 жылдың жазыңа дейін жасалады.
Трансфердің құны ресми түрде жарияланбады, бірақ бұған дейін «бланкос» ойыншының 20 миллион еуро көлеміндегі клаусулысын іске қосқаны хабарланған еді.
Дюмфрис «Интер» сапында 2021 жылдан бастап, ПСВ-дан ауысқаннан кейін өнер көрсетті. Миландық команданың құрамында тәжірибелі футболшы 207 матч өткізіп, 27 гол соқты және 28 нәтижелі пас берген. «Нерадзурри» сапында Дензел екі рет УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына дейін жеткенімен, екі жолы да ойыншы мен команда трофейге бір қадам жетпей тоқтады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.