«Төреші пенальти беруге дайын болған»: сарапшы «Тұран»—«Жайық» матчындағы төрелікті сынға алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.07.26, 04:00
ҚПЛ-дың бұрынғы инспекторы Серік Қошқаров ASnews.kz сайтына берген сұхбатында бірінші лиганың 12-турындағы түркістандық «Тұран» мен оралдық «Жайық» (2:2) арасындағы кездесудегі бас төрешінің шешімдеріне күмән келтіріп, өз ойын білдірді.
«Төреші пенальти беруге дайын болған»: сарапшы «Тұран»—«Жайық» матчындағы төрелікті сынға алды
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қарасам, «Жайық» бірінші таймда таза екі гол кіргізіп, 2:0 есебімен алда келе жатқан. Сөйтіп екінші таймда бас төреші ойынды толықтай аударып жіберді. «Жайық» қақпасына екі пенальти қойды.

Біріншісінде «Тұранның» шабуылшысы жақын жерден допты теуіп, қорғаушының кеудесіне тигендей көрінеді. Рикошет болған болуы мүмкін, бірақ қолдары табиғи күйде тұрды. Ойын ережелерінде солай үйретілген, рикошеттен кейін ереже бұзылмайды. Төреші пенальти беруге дайын болған сияқты ғой. Бірінші лигада ВАР жоқ, төрешілер маңызды шешімдерді бірден жасайды. Нуну Каштру осыған назар аудару керек. «Тараз» «Академия Оңтүстікке» қарсы ойнағанда да осындай жағдай болған.

Екінші пенальти – қорғаушы Бауыржан Омаров допқа еңкейген кез. Бас төреші ешқандай күмәнсіз екінші пенальти қойып, «Тұран» тең ойнап кетті. Үшінші пенальти таза болды, бірақ төреші оны қоймады. Бір ойында үш он бір метрлік айып добы қойылса, біраз күмән болады. Бұл төреші федерацияның департаментінде істейді. Мұндай адамдар өздеріне баға берген кезде ешқашан жаман баға қоймайды. Бұл жерде нағыз мүдделер қақтығысы», – деді Қошқаров.

Оралдық «Жайық» қонақтағы кездесуді сәтті бастап, 7-минутта Әлімжан Жұрасовтың голының арқасында алға шықты. Бірінші таймға қосылған уақытта Әлихан Исраилов баспен «тоғыздыққа» гол соғып, қонақтардың басымдығын еселеді – 2:0.

Алайда, үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестіре алды. Бас төреші оралдықтардың қақпасына екі рет пенальти белгілеп, қос эпизодта да доптың қолға тигенін тіркеді. 58-минутқа қарай Мирас Тұрлыбек қос он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындап, таразы басын теңестірді – 2:2. Ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ.

Осы тең ойыннан кейін «Тұран» 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Ал 16 ұпайы бар «Жайық» тоғызыншы сатыға жайғасқан.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

05.07.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8