Клубтың жаңа басшылығы бұған дейін «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін болған капитан Самат Жарынбетовке сенім артпай отыр. «Тобыл» құрамында Қазақстан чемпионы атанған ойыншының қызметі ҚПЛ-дың басқа клубтарына ұсынылады деп күтілуде.
Ганалық қорғаушы Ибрагим Фард та «ақ-қызылдармен» байланыстырылған болатын, алайда ол қазіргі уақытта Израиль чемпионатындағы командалардың бірімен келісімшарт жасасуға жақын. Бұған дейін футболшы даниялық «Вайле» және беларусьтік «Динамо» клубтарында өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, «Ертіс» он ұпаймен премьер-лиганың турнирлік кестесінің соңында тұр. Нұрбол Жұмасқалиев кеткеннен кейін команданың бас бапкері болып Марат Еслямов тағайындалған еді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.