«Бәрі «Оқжетпеске» ауысқысы келе бермейді. Сондықтан ойыншыларды көндіру өте қиын. Бірақ қазір келіссөздер жүріп жатыр, бәрі жақсы болады. Иә, бізге жартылай қорғаушы қажет, келісімшартқа отыруға тырысамыз. Былай айтайын: біз орталық қорғаушы позициясында да ойнай алатын жартылай қорғаушыны іздестірудеміз», – деді Алюетов.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың маусымында «Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Әбинұр Нұрымбет шымкенттік «Ордабасыға» ауысқан болатын. Қазіргі уақытта «Оқжетпес» ҚПЛ-дың 16 турының қорытындысы бойынша 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.