Жұмасқалиевтің "Ертістен" неге кеткені айтылды

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.07.26, 09:00
Павлодарлық "Ертісте" ФК директоры Мұрат Тілешев бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевтің қызметінен кеткені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Жұмасқалиевтің "Ертістен" неге кеткені айтылды
Сурет: ашық дереккөздерден

Жұмасқалиев не үшін кетті?

Irbis.tv дерегіне сүйенсек, клуб Жұмасқалиевтің кеткенін ресми түрде растаған. Бірақ басшылық оның отставкасын қабылдамаға. Мұрат Тілешевтің сөзінше, Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкер қызметінен жеке шешімімен кеткен.

“Бас бапкердің қызметінен кетуіне отбасылық жағдай себеп болды. Бұл – қазақстандық маманның жеке шешімі”, – деді Тілешев.

Осылайша клуб басшылығы жаттықтырушының кетуін спорттық нәтижемен емес, жеке себептермен байланыстырды.

Жұмасқалиев “Ертісте” неше матч өткізді?

Нұрбол Жұмасқалиев “Ертістің” тізгінін 2026 жылдың 13 мамырында ұстады. Ол бұл қызметте беларусь маманы Кирилл Альшевскийді алмастырды.

Павлодарлық команда тізгінін ұстағанға дейін Жұмасқалиев қостанайлық “Тобылды” жаттықтырған.

Ол “Ертіс” сапында 6 матч өткізді. Осы кездесулердің төртеуінде команда тең ойнаса, екі ойында жеңіліс тапты.

Қазір “Ертіс” Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде қиын жағдайда тұр. 15 матчтан кейін павлодарлық клубтың еншісінде 10 ұпай бар.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

02.07.26, 09:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8