«Ешқашан ойламаған едім»: Сатпаев Мбаппемен кездесуі туралы айтты

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.07.26, 08:00
Дастан Сатпаев Килиан Мбаппемен Чемпиондар лигасындағы «Реалға» қарсы матчта кездескенін еске алды.
«Ешқашан ойламаған едім»: Сатпаев Мбаппемен кездесуі туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қайрат» клубының 17 жастағы түлегі сол деңгейдегі футболшылармен алматылық команда сапында бір алаңда ойнаймын деп ешқашан ойламағанын айтты.

«Ол күні үлкен дүрбелең болғанын жақсы есімде сақтадым. Алматыға, бәлкім, бүкіл әлем жиналғандай көрінді. Басымда бір ғана ой болды: мен міндетті түрде осындай футболшыларға қарсы ойнаймын деп. Бірақ ешқашан «Қайраттың» сапында оларға қарсы шығамын деп ойламадым. Алаңға шыққанда ерекше қобалжыдым. Мұндай футболшыларды жақыннан көру – қасыңда тұрады, амандасады, қол алысады», – деп естелігімен бөлісті Сатпаев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, маусым айында 17 жастағы Сатпаев Алматының «Қайратымен» ресми түрде қоштасып, Ұлыбритания астанасына аттанар алдында футболдағы жаңа кезеңді бастаған болатын.

Дастанның Лондон клубына ауысуы оның 18 жасқа толатын тамыз айында жүзеге аспақ. Болашағынан зор үміт күттіретін шабуылшының трансфері ағылшын Премьер-лигасының алпауытына 2,4 млн еуроға түсті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

02.07.26, 08:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8