«Ертісті» қазақстандық маман тізгіндеуі мүмкін: Смаков пен Жуковский келмейтін болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.07.26, 05:00
Павлодарлық «Ертіс» клубының жаңа бас бапкері болып Марат Еслямов тағайындалуы мүмкін.
«Ертісті» қазақстандық маман тізгіндеуі мүмкін: Смаков пен Жуковский келмейтін болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазір «Ұлытау» бапкерлер штабының мүшесі болып жүрген Еслямов павлодарлық клубты тізгіндеуге бір табан жақын тұр. Бұған дейін клуб Самат Смаков пен Виталий Жуковскийдің кандидатураларын қарастырған. 48 жастағы қазақстандық маман жақын арада командаға қосылады деп күтілуде.

Марат Еслямов бұған дейін Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырып, Талғат Байсуфиновтың бапкерлер штабында көмекші қызметін атқарған. Қазір ол Нұркен Мазбаевтың көмекшісі ретінде «Ұлытауда» жұмыс істеп жүр. Команда ҚПЛ турнирлік кестесінде алтыншы орында келеді.

Бұған дейін Нұрбол Жұмасқалиев отбасылық жағдайына байланысты «Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кеткен еді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

02.07.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8