Шотландиялық сарапшы Чесноковтың кетуі туралы: «Хартс» оған өзін көрсетуге мүмкіндік бермеді

Автор
Fonteam редактор
Автор
01.07.26, 08:00
WhoScored.com сарапшысы және Perth to Paisley подкастының авторы Адам Кеннеди ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ислам Чесноковтың «Тобылға» қайта оралуына қатысты пікір білдірді.
Шотландиялық сарапшы Чесноковтың кетуі туралы: «Хартс» оған өзін көрсетуге мүмкіндік бермеді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Чесноковтың трансферіндегі ең өкініштісі – «Хартс» басшылығы оған нақты мүмкіндік берген жоқ. Клубқа Вранкенді жаңа бас бапкер етіп тағайындауды Jamestown Analytics ұсынған болатын – дәл осы компания Исламды да «тапқан» еді. Ваутердің тұсында ол ақыры өзін көрсететін сияқты болып көрінген, бірақ, өкінішке қарай, олай болмады.

Оның жұбайына Шотландияға виза алу қиын болды деген қауесет бар. Егер бұл шындық болса, өте өкінішті. Футболда бәрі болады 00 кез келген трансфер өзін ақтай бермейді. Қазір жанкүйерлер команданың бұл ауысымнан табыс тапқанына қуанып жатыр. Чесноковқа тек жақсылық тілейміз», – деді Кеннеди.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының 26 жастағы шабуылшысы Ислам Чесноков «Хартсқа» ауысқаннан кейін небәрі алты айдан соң «Тобылға» қайта оралды. Шотландиялық клубта ол 11 матч өткізіп, бір гол соқты.

Jamestown Analytics – британдық инвестор Тони Блумның спорттық мәліметтер мен аналитикаға мамандандырылған компаниясы. Ол ойыншыларды іріктеуге, бапкерлік шешімдерге және қарсыластарды талдауға көмектесу үшін математикалық модельдерді қолданады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

01.07.26, 08:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8