«Тәжірибе мен сәттілік жетпеді»: «Оқжетпестің» вингері – «Қайраттан» жеңілгені туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.06.26, 04:00
Көкшетаулық «Оқжетпестің» өзбекстандық вингері Бектемир Абдуманнонов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-дың 16-шы турының матчында алматылық «Қайраттан» жеңілген (1:3) ойынды қорытындылады.
«Тәжірибе мен сәттілік жетпеді»: «Оқжетпестің» вингері – «Қайраттан» жеңілгені туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Клуб сапындағы үшінші голы және бейімделуі туралы

«Мен голдарды жалғыз өзім соқпаймын – бұл бүкіл команданың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ұжымға бейімделу өте жақсы өтті, бізде бәрі бір-бірін қолдайтын тамаша команда қалыптасты. Біз жақсы футбол көрсетіп жүрміз. Оның үстіне клубта ойыншылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Құдай қаласа, алда бізді бұдан да сапалы ойындар күтіп тұр».

«Қайратпен» өткен матчта не жетпеді?

«Біз бұл кездесуді өте жақсы бастадық. Белгілі бір сәттерде бізге сәл ғана тәжірибе мен сәттілік жетпей қалды. Меніңше, ойын шынымен де қызықты өтті. Дәл осындай қиын матчтар арқылы футболшылар кәсіби тұрғыда өседі. Қазір біз үшін ең маңыздысы – командалық рухты көтеріп, алға жылжу», – деді Абдуманнонов.

Премьер-лиганың 16-шы турынан кейінге қалдырылған матчында «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 есебімен есе жіберді. Бірінші таймда алматылық Ойва Юкколаның голына Бектемир Абдуманнонов дәлдігімен жауап қатқан болатын. Алайда кездесудің екінші бөлігінде Лукас Африко мен Эдмилсон соққан голдар «Қайратқа» жеңіс сыйлады.

23 жастағы Абдуманнонов көкшеуталықтар сапында барлық додада 14 матч өткізіп, үш голмен көзге түсті.

Осы ойыннан кейін «Қайрат» 36 ұпай жинап, көш бастап тұрған «Ордабасыға» (37 ұпай) жақындай түсті. Ал «Оқжетпес» 27 ұпаймен чемпионаттың жарыс кестесінде үшінші сатыда қалды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

29.06.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11