«Үшінші орынға таласуға мүмкіндік әрқашан бар. Алғашқы екі матчты бағалайтын болсақ – бұл Өзбекстанның әлем чемпионатындағы алғашқы тәжірибесі. Команда өте жас, құрам көптеген аспектілер бойынша жаңарды. Қазірше біз қарсыластарға жылдамдық пен күш жағынан есе жіберіп жатырмыз.
Португалияға қарсы ойынға (0:5) келетін болсақ – біз Еуропаның топ-командасына тап болдық. Португалдардың алаңдағы ойлау жылдамдығы бізден бірнеше секундқа алда екені анық көрінді. Біз мундиальда алғаш рет ойнап жатырмыз, сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ.
Осындай жеңілістерге қарамастан, бұл жарыстың Орталық Азия үшін үлкен маңызы бар. Құрама мүмкін емес нәрсенің мүмкін екенін бәріне дәлелдеді. Барлық көрші елдер қазір жігіттерге жанкүйерлік етіп отыр. Ешбір адам командаға хейт айтып жатқан жоқ, өйткені бәрі жағдайды жақсы түсінеді. Әрине, басқа нәтижеден үміттендік, бірақ бәрі әлі алда. Алла қаласа, келесі әлем чемпионатына команда мүлдем басқа тәжірибемен барады және бәрі өзгеше болады».
«Конго мықты, қуатты әрі өте мобильді команда. Олармен тең дәрежеде бәсекелесуге әбден болады. Егер топтағы алғашқы екі қарсылас әлем чемпионатында талай рет бақ сынаған тәжірибелі ұжымдар болса, Конгомен ойнауға болады және оларды жеңуге біздің қауқарымыз жетеді. Оларды әлсіз деп айтуға келмейді, бірақ бізден деңгейі жоғары да емес. Иә, олар өздерінің күші мен төзімділігіне арқа сүйейді. Болжам жасағанды ұнатпаймын, бірақ Өзбекстанның бұл ойында әдемі ойнағанын қалаймын».
«Егер Тимур Кападзе құрамада қалғанда не боларын ешкім білмейді. Егер олар Фабио Каннаваромен бір бапкерлік штабта жұмыс істегенде, мүмкін бұл командаға көбірек жеміс әкелер ме еді. Тимур тілді де, менталитетті де жақсы біледі, жігіттерге қажетті нюанстарды дәл жеткізе алатын еді.
Бірақ елестетіп көрейікші: егер Өзбекстан Колумбияны жеңгенде, қазір бәрі «Каннаваро – мінсіз таңдау» деп айтар еді. Сондықтан өткен шақпен сөйлеп, болжам жасау орынсыз. Қазіргі бар жағдайды бағалау керек. Каннаваро командаға көп нәрсе әкелді. Кападзе өз жолын таңдады, бұл – оның жеке шешімі. Ең жаманы – «егер ол қалғанда не болар еді» деген сарында ой қорыту. Бұлай айту дұрыс емес», – деді Сабиров.
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Португалиядан ірі есеппен (0:5) жеңіліп қалды. Бұған дейін Фабио Каннаваро шәкірттері Колумбияға да есе жіберген (1:3) болатын.
Екі турдан кейін K тобындағы жағдай келесідей: Колумбия – 6 ұпай, Португалия – 4 ұпай, Конго ДР – 1 ұпай, Өзбекстан – 0 ұпай.
Астана уақытымен 28 маусымға қараған түні өтетін қорытынды турда Өзбекстан Конго ДР-ға қарсы ойнаса, Португалия Колумбиямен кездеседі.
Олег Сабиров 2010 жылы қостанайлық «Тобыл» сапында Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ Өзбекстан ұлттық құрамасы үшін тоғыз матч өткізген.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.