«Бұл – ҚФФ-ға жасалған ақпараттық шабуыл»: Мәулен – Байсуфиновтың жалақысы мен кетуі туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
25.06.26, 07:00
Қазақстандық спорт тілшісі Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың экс-бапкері Талғат Байсуфиновтың жалақысы төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдіріп, федерация ішіндегі саяси ойындар туралы айтты.
«Бұл – ҚФФ-ға жасалған ақпараттық шабуыл»: Мәулен – Байсуфиновтың жалақысы мен кетуі туралы
Талғат Байсуфинов. Фото: ҚФФ

Әдейі ұйымдастырылған шабуыл

«Талғат Байсуфиновтың жалақысының жариялануы – әдейі істелінген дүние. Оның команданы құтқарып қалғанын, команда шіріп жатқанда эмоционалдық рухын көтергенін неге айтпайды? Ол кісінің қазақ футболы дамымайтынына көзі жеткен. Бұл жерде, көбінесе, федерацияны жамандау үшін ақпараттық шабуыл жүргізіліп жатыр.

Ақпараттық шабуылды кім жасауы мүмкін? Марат Омаровты тақтан тайдырғысы келетін адам шығар. Ондай үміткерлер бізде көп емес, 2-3 қана адам. Бәлкім, жуырда осы ҚФФ-да жұмыс істеп, кетіп алған азаматтар да шығар. Мен ештеңені меңзеп жатқан жоқпын».

Бұған дейін БАҚ беттерінде Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасындағы бір айлық жалақысы шамамен 12 миллион теңгені (салықтарды шегергенге дейін жылына 144 миллион теңге) құрайтыны туралы ақпарат шыққан болатын.

Бұл кезең (2026 жылдың 28 қаңтарынан бастап) маманның Қазақстан құрамасына үшінші рет келуі. Оның жетекшілігімен құрама төрт матч өткізіп, екі рет жеңіске жетті, бір рет тең ойнап, бір рет ұтылды. Бұл – Байсуфиновтың құрамадағы барлық кезеңдерімен салыстырғандағы ең жоғары көрсеткіші (әр ойынға орташа есеппен 1,75 ұпай). Бұған дейін ол 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың қаңтары аралығында бас бапкердің міндетін атқарушы болған еді.

Бапкердің өзі бұған дейінгі қызметінен кету себептерін түсіндіре келе, ұлттық құрамада алға қойған мақсаттарды орындау үшін қажетті кәсіби жағдай жасалмағанын, қолдау мен бапкерлік штабқа деген құрметтің болмағанын бірнеше рет мәлімдеген.

Қазіргі уақытта ҚФФ басшылығында кадрлық өзгерістер орын алуда. Мәселен, 2026 жылдың 2 маусымында федерацияның бас хатшысы Давид Лория футболды дамыту тұрғысында федерация президенті Марат Омаровпен көзқарастарының сәйкес келмеуіне байланысты қызметінен кеткен болатын.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

25.06.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8