Жақын матчтар
Талғат Байсуфинов «Қайсардың» бас бапкері атанады
Еліміздің үздік бапкерлерінің бірі қызылордалық клубты басқаруы мүмкін.
Amanvibe ақпаратына сәйкес, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов Қызылорданың «Қайсар» клубымен келісімшартқа қол қояды. Маманды шұғыл түрде команда жұмысына кірісіп, маусым соңына дейін клубты басқаруы мүмкін.
Байсуфиновтың алдына екі міндет қойылды
Талғат Маруаұлының алдында екі негізгі міндет тұр. Біріншісі – «Қайсардың» Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалу болса, екіншісі – Қазақстан Кубогында жүлдеге таласу.
Клуб басшылығы тәжірибелі маманды шақыру арқылы маусым соңындағы жағдайды тұрақтандыруды көздеп отыр. Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысы мен күрделі кезеңдерде командаға көмектесе алатын маман ретіндегі беделі Байсуфиновтың кандидатурасына басымдық беруге себеп болған.
Соңғы уақытта Қызылордада футболға деген қызығушылық артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, тәжірибелі бапкердің тағайындалуы «Қайсардың» нәтижелерін жақсартып, жанкүйерлердің сенімін нығайтуға мүмкіндік беруі мүмкін.
Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың тағайындалуы мен келісімшартқа қатысты ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ