«Динамо Сити» – фаворит»: «Астананың» экс-шабуылшысы – КЛ-дағы жеребе туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
25.06.26, 05:00
Албания құрамасының және «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Аздрен Лулаку ASnews.kz сайтына берген сұхбатында елордалық клубтың Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде албаниялық «Динамо Ситиге» қарсы өтетін кездесуінен не күтетінін айтты.
«Динамо Сити» – фаворит»: «Астананың» экс-шабуылшысы – КЛ-дағы жеребе туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Жұптың фавориті туралы

«Меніңше, қазір «Астана» үшін ең бастысы – Албаниядағы матчта жеңілмеу. Ал өз алаңында, өз жанкүйерлерінің алдында жеңісті жұлып алу керек, өйткені «Астана» өз үйінде әрқашан өте жақсы ойнайды. Бізді екі мықты команданың тартысты ойыны күтіп тұр.

Әріне, мен бұл клубта өнер көрсеткен уақытта «Астана» еурокубоктарда айбарлы күш еді. Бірақ қазір де, барлық қиындықтарға қарамастан, команданың жақсы нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті мен сапасы жетеді. Мүмкін, бүгінгі таңда дәл «Динамо Сити» фаворит сияқты көрінетін шығар, дегенмен «Астана» өз алаңында дәстүрлі түрде мықты».

«Динамо» тарапынан болатын басты қауіп

«Тираналық клубтың шабуыл шебі өте қауіпті. Қарсыластың шабуылшылары үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Осы себепті «Астананың» қорғаушылары өте сақ қимылдап, матчтың барлық 90 минутында барынша зейін қоюлары керек».

Ойынға болжам

«Иә, өз алаңыңда ойнау факторының маңызы зор. Өз үйінде «Астана» әрқашан қуатты өнер көрсетеді, оның үстіне адал жанкүйерлер команданы алға қарай демеп отырады.

Болжамға келетін болсақ, менің ойымша, Албанияда командалар 1:1 есебімен тең ойнайды. Қазақстандағы қарымта матчта да тең есеп тіркеледі деп ойлаймын, сондықтан іс пенальти сериясына дойын баруы әбден мүмкін. Қос командаға да сәттілік тілеймін», – деді Лулаку.

Еске сала кетейік, елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне шығу үшін албаниялық «Динамо Ситимен» бақ сынасады. Алғашқы кездесу 2026 жылдың 9 шілдесінде Тиранада өтсе, қарымта матч 16 шілдеде Қазақстанда ұйымдастырылады.

Аздрен Лулаку қазақстандық жанкүйерлерге 2017 жылғы маусымдағы ойындары арқылы жақсы таныс. Сол жылдың бірінші жартысында албаниялық форвард «Астана» түсін қорғап, барлық турнирлерде 19 матч өткізді (бір гол, екі ассист) және қорытындысында Қазақстан чемпионы атанды. Маусымның екінші бөлігін Лулаку қостанайлық «Тобылда» жалдау шартымен өткізіп, оның сапында 13 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

25.06.26, 05:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
34
2
Қайрат
33
3
Оқжетпес
27
4
Ұлытау
23
5
Ақтөбе
22
6
Астана
22
7
Елімай
20
8
Атырау
18
9
Жеңіс
17
10
Жетісу
15
11
Қызылжар
15
12
Қайсар
14
13
Тобыл
12
14
Ертіс
10
15
Алтай
10
16
Каспий Ақтау
8