«Біз соңғы секундқа дейін берілмей ойнап, бапкерлік құрамның айтқанын нақты орындағаннан және командалық рухтың нәтижесінде жеңіске жеттік деп ойлаймын.
Ауа райына келетін болсақ – иә, аптап ыстықта ойнау оңай емес. Бірақ екі команда да мүлдем бірдей жағдайда ойнады. Қарсыласқа да бұл ыстық ауа райында ойнау біз сияқты қиын болды деп ойлаймын».
«Бірінші таймнан кейін бапкерлеріміз үзілісте бізге дұрыс сөз тауып, рух-жігер берді. Киім ауыстыру бөлмесінде үлкен мотивация алдық, соның арқасында алаңға қуаттанып, жігерленіп шықтық. Бапкердің сол жігерлі сөздері ойынның соңғы секундына дейін әсер етті», – деді Мұхаметханов.
«Әрине, бұл ерекше сезім. Жеңіс, ерекше эмоция, жанкүйерлердің ыстық қолдауы – барлығы керемет болды. Қазір біз үшін әр кездесу маңызды. Командалық ұйымшыл ойынның нәтижесінде бұл кездесуде екі гол соғу бұйырды. Өте қуаныштымын».
«Иә, әрине, Әбинұрдың кеткені айтарлықтай сезіледі. Ол өте мықты әрі нағыз дарынды ойыншылардың бірі. Әбинұр командамыздың тактикасында, әсіресе алаң ортасында өте маңызды рөл атқарды. Дегенмен, кәсіби маман ретінде оған әріқарай өсу керек. Әбинұрға жаңа командасында тек сәттілік тілеймін», – деп түйіндеді футболшы.
Еске сала кетейік, «Оқжетпес» ойын барысында «Тобылдан» ұтылып жатып, Жансұлтан Мұхаметхановтың дублінің арқасында (48 және 65-минуттарда) 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Қостанайлықтар 38-минуттан бастап Папа Алиун Ндиайе алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта ойнады.
Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 27 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінің үшінші сатысына тұрақтады, ал «Тобыл» 12 ұпаймен 13-орында қалды. Көкшетаулықтар келесі кездесуін 27 маусым күні өз алаңында «Қайратқа» қарсы өткізеді.
Ағымдағы маусымда 20 жастағы тірек жартылай қорғаушысы Мұхаметханов «көкшетаулықтар» сапында барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.