«Трибуналардағы жанкүйерлер қатты әсер қалдырды. Команда нағыз үстем ойын көрсетті, ал бас бапкер алаң жиегінде ойыншыларға үнемі кеңес беріп тұрды – мұны көру өте керемет болды. Бүгінгі атмосфера ерекше әсерлі болды. Бұл менің кәсіби мансабымдағы ең үздік атмосфера. Балалардың, әсіресе ең кішкентай жанкүйерлердің өз командасын қолдағаны қатты ұнады», – деді Кейта.
Сондай-ақ футболшы Қазақстан мен Румыниядағы футбол атмосферасын салыстырды.
«Команда ішіндегі атмосфераны әлі толық сезініп үлгермедім. Дегенмен, бұл Румыниядағы жағдайға ұқсас деп ойлаймын. Шынымды айтсам, мұнда мұндай атмосфера көремін деп ойламадым», – деп толықтырды жартылай қорғаушы.
Еске салайық, Қазақстан Премьер-Лигасының 14-турында «Ордабасы» өз алаңында «Каспийді» 2:0 есебімен ұтты. Осы жеңістен кейін шымкенттік клуб турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Тидиан Кейта «Ордабасы» сапына румындық ЧФР клубынан ауысты. 29 жастағы француз футболшысы тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.