Матчтың басты кейіпкері Матеус Кунья болды. Ол екі гол соқса, тағы бір мәрте Винисиус Жуниор көзге түсті.
2026 жылғы әлем чемпионаты. С тобы
Бразилия - Гаити - 3:0
Голдар: Кунья, 23 (1:0), 36 (2:0), Винисиус Жуниор, 45+3 (3:0).
Осы жеңістен кейін Бразилия төрт ұпай жинап, плей-офф жолдамасына бір табан жақындай түсті. Топтағы бірінші орын иесінің тағдыры соңғы турда анықталады. Онда бразилиялықтар Шотландия құрамасымен кездеседі.
Ал Гаити құрамасы екі матчтан кейін де ұпай жинай алмады. Осылайша команда әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.