Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Дастан Сатпаев «Челси» клубында Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев пен Лондонның «Челси» клубының басқа да ойыншылары бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен жаттығуларға кірісті.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Дастан Сатпаев «Челси» клубында Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуын өткізді
Сурет: ашық дереккөздерден

Клубтың баспасөз қызметі жариялаған фотосуреттердің бірінен Дастан Сатпаевты көруге болады.

«Бейсенбі күні «Челсидің» көпшілігі бұл жазда алғаш рет Кобэмге оралып, команда жаңа бапкер Алонсоға алғаш рет жолықты. Стандартты медициналық тексеруден өткен соң, ойыншылар клубтың жаттығу базасында осы ыстық күні алаңға шықты. Маусым алдындағы дайындықтың басында күтілетін физикалық жаттығулардан бөлек, ойыншылар доппен жұмыс істеуді де жаттықты. Бұл Алонсоға алғашқы рет өз идеяларын командаға жеткізуге мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, маусым айында 17 жастағы Сатпаев Ұлыбритания астанасына қоныс аударып, өзінің футболдағы жаңа кезеңін бастамас бұрын, Алматының «Қайрат» клубымен ресми түрде қоштасты.

Дастанның Лондон клубына ауысуы тамызда 18 жасқа толғаннан кейін іске асады. Англия Премьер-лигасының алыбы жас шабуылшы үшін 2,4 миллион еуро төледі.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz