Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Қайрат" өз алаңында ірі жеңіліске тап болды

Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде Грекияның "Панатинаикос" командасына 1:5 есебімен есе жіберді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
"Қайрат" өз алаңында ірі жеңіліске тап болды
Фото: "Қайрат" ФК

Алматыда өткен кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар басымдықты өз қолына алды. Матчтың 6-минутында Висенте Таборда дәл соққысымен есеп ашты. Араға 18 минут салып Сирил Дессерс пенальтиден командасының басымдығын еселей түсті.

Осылайша бірінші тайм 2:0 есебімен грекиялықтардың басымдығымен аяқталды.

Екінші таймда "Қайрат" тағы үш гол жіберіп алды

Үзілістен кейін де алаңдағы жағдай өзгерген жоқ. Екінші таймның басында Сирил Дессерс Темірлан Анарбековпен жеке-дара шығып дубль авторы атанды.

57-минутта Кингс Кангва айып добын тікелей қақпаға бағыттап, грекиялық команданың төртінші голын соқты. Ал 75-минутта Эльмин Растодер алматылық клубтың қақпасын бесінші рет дәл көздеді.

Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері тек 79-минутта қарымта гол соға алды. Исмаил Бекболат есеп айырмасын қысқартқанымен, кездесудің жалпы нәтижесіне әсер ете алмады.

Турнирлік жағдай

Бұл жеңілістен кейін алматылық клубтың еншісінде бір ұпай қалды. "Қайрат" УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі турнирлік кестеде 22-орында тұр. Ал "Панатинаикос" бірінші орынға жайғасты.

Алматылық команда еурокубоктағы келесі кездесуін 5 қарашада Бергамода "Аталантаға" қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz