Алмат Бекбаев Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы дебютін бағалады

Автор
Fonteam редактор
Автор
18.06.26, 06:00
Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» командасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Sports24.kz сайтына эксклюзивті сұхбат беріп, Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы Колумбияға қарсы ойынындағы жеңілісіне пікір білдірді.
Алмат Бекбаев Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы дебютін бағалады
Сурет: ашық дереккөздерден

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан құрамасының турнирдегі алғашқы ойыны 1:3 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде өзбекстандық жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев командасының турнирдегі алғашқы голын соғып, есеп ашты.

«Бүгін бүкіл Қазақстан Өзбекстан құрамасына жанкүйер болды, бірақ тәжірибелі қарсылас — Колумбия үш ұпайды алды. Менің ойымша, бұл нәтиже алдын ала болжанған еді. Турнирді жаңа парақтан бастаған Өзбекстан бірден әлем чемпионаттарының тұрақты қатысушысы Колумбияны жеңе қояды деп ойламаймын. Мүмкін, ДР Конгомен ойында ұпай алып, топтан үшінші орынмен шығуға мүмкіндік болар. Өйткені, Португалияның ДР Конгомен тең ойнағаннан кейін бұл турнирде тағы да ұпай жоғалтады дегенге сену қиын», – деді Алмат Бекбаев.

Келесі қарсылас — Криштиану Роналду

Келесі ойында Фабио Каннавароның командасы 23 маусымда Португалияға қарсы алаңға шығады. Өзбекстан құрамасының португалдармен ойындағы мүмкіндіктерін біз подкастымызда талқыладық.

Фабио Каннаваро не деді?

Осы арада Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро жеңіліске қарамастан, ойыншыларының жанкештілігі мен іс-әрекетіне риза екенін айтты.

«Ойын өте қызықты өтті. Екінші таймда біз матчтың барысын өзгерте алдық. Сол қанаттан шабуыл жасап, ойынды өз бақылауымызға алуға тырыстық. Біз ең алдымен Өзбекстанды әлемге жақсы жағынан таныстыру үшін келдік. Әрқашан командама матч барысында белсенді ойнау керек екенін айтамын. Колумбия сияқты командаларға қарсы, әсіресе, допсыз ойнау оңай емес. Жалпы, екінші таймда жақсы көріндік, бірақ, өкінішке қарай, гол жіберіп алдық. Бұл стадионда өткен бұл тарихи матчты ұмытпаймыз. Біз әлем чемпионатындамыз. Бүгінгі матч біз үшін үлкен тәжірибе болды деп айта аламын. Қателіктер болды, біз олармен жұмыс істейміз», – деп мәлімдеді италиялық маман, мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

18.06.26, 06:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
31
2
Қайрат
27
3
Оқжетпес
24
4
Астана
22
5
Ұлытау
22
6
Елімай
20
7
Ақтөбе
19
8
Жеңіс
16
9
Атырау
15
10
Қызылжар
15
11
Жетісу
14
12
Қайсар
13
13
Тобыл
11
14
Ертіс
9
15
Алтай
9
16
Каспий Ақтау
8